Мусави: Америка Иранның ішкі істеріне араласып, босқа талпыныс жасап жатыр
(last modified Sat, 21 Dec 2019 12:43:01 GMT )
Жел 21, 2019 18:43 Asia/Almaty
  • Мусави: Америка Иранның ішкі істеріне араласып, босқа талпыныс жасап жатыр

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Мусави Американың Иран істеріне араласып, босқа талпыныс жасап жатқанын айтты.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Сейед Аббас Мусави жұма күні Твиттердегі парақшасында Американың сыртқы саясаты тобын сынап: "Америка елінде халықаралық тақырыптарға стратегиялық көзқарасқа ие органның орны бос жағдайда Иранның ішкі істеріне араласу арқылы босқа талпыныс жасап жатыр", - деп жазды.

Мусави сонымен қатар келесі твитінде Америка Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның кешегі негізсіз сөзіне қатаң реакция білдіріп: "Помпео әлемде  ешбір Сыртқы істер министрінің деңгейінде емес", - деді.   

Помпео бейсенбі күні Американың Мемлекеттік департаментінде адам құқығы жағдайы тақырыбында өткен отырыста Иранға қарсы негізсіз сөйлеп, Теһранды адам құқығын бұзумен айыптады.