ЭЫҰ-ның туристік астанасы ретінде таңдалған Мазандеран логотипінің ашылу рәсімі өтті
https://itolqyn.com/news/iran-i44768-ЭЫҰ_ның_туристік_астанасы_ретінде_таңдалған_Мазандеран_логотипінің_ашылу_рәсімі_өтті
Сенбі күні Мазандеран облысының Сари қаласында "Сари – ЭЫҰ-ның 2022 жылғы астанасы" деген логотиптің ашылу рәсімі өтті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 22, 2019 16:36 Asia/Almaty
  • ЭЫҰ-ның туристік астанасы ретінде таңдалған Мазандеран логотипінің ашылу рәсімі өтті

Сенбі күні Мазандеран облысының Сари қаласында "Сари – ЭЫҰ-ның 2022 жылғы астанасы" деген логотиптің ашылу рәсімі өтті.

Иранның солтүстігіндегі Мазандеран облысы биылғы жылдың қазан айында ЭЫҰ-ға мүше елдердің шешімімен осы ұйымның 2022 жылғы туристік астанасы болып таңдалды.

Мазандеран облысы қоңыржай ауа райы, құнарлы жері, жағалау, дала, орман мен таудан тұратын әралуан табиғатына  байланысты ресми статистика бойынша жылына Иран, Батыс Азия аймағы мен басқа елдерден 30 млн турист қабылдайды.