Аһл-е бейт дүниежүзілік ассоциациясының Бас хатшысы: Шейх Закзаки ислам әлемін біріктіргісі келеді
(last modified Tue, 24 Dec 2019 14:29:46 GMT )
Жел 24, 2019 20:29 Asia/Almaty
  • Аһл-е бейт дүниежүзілік ассоциациясының Бас хатшысы: Шейх Закзаки ислам әлемін біріктіргісі келеді

Аһл-е бейт дүниежүзілік ассоциациясының Бас хатшысы шейх Закзакидің ислам әлемін біріктіргісі келетінін қуаттады.

 

Аһл-е бейт дүниежүзілік ассоциациясының Бас хатшысы Реза Рамазани сейсенбі күні Зария апатының төртінші жылдығына арналған баспасөз отырыста: "Шейх Закзаки ислам мазхабтары арасындағы қайшылықтарға қарсы. Келісімге келу үшін келіссөздер қажет санайды",- деді.  Ол Нигерия исламдық қозғалысы басшысының ғылыми деңгейіне тоқталып: "Шейх Закзаки Нигерия заңдарын бұзған жоқ. Оның қарамағында жұмыс істейтін ұйым жетімдер мен кедейлерге көмектесу мақсатында құрылған",- деді.  

Шейх Закзаки мен әйелі 2015 жылдың 13 желтоқсанында Нигерия әскерилерінің Зария қаласындағы хосейниеге шабуылы кезінде тұтқындалды. Бұл шабуылда жүздеген адам, соның ішінде шейх Закзакидің үш перзенті шәһид болды.