Санкцияларға қарамастан, Иранның мұнай-химия өнеркәсібінің табысы 17 млрд долларға жетті
(last modified Mon, 30 Dec 2019 15:01:55 GMT )
Жел 30, 2019 21:01 Asia/Almaty
  • Санкцияларға қарамастан, Иранның мұнай-химия өнеркәсібінің табысы 17 млрд долларға жетті

ИИР Президенті дұшпандардың Иранға қарсы жан-жақты экономикалық соғысының жеңіліс тапқанын айтып: "Санкцияларға қарамастан, Иранның мұнай-химия өнеркәсібінің қазіргі табысы 17 млрд долларға жетті",-деді.

Хасан Рухани дүйсенбі күні Теһранда Иранның мұнай-химия саласындағы белсенділермен кездесуінде Иранның мұнай-химия өнімдерінің алдағы екі жылда 100 млн тоннаға жететінін айтып: "Иранның мұнай-химия өнеркәсібінен түсетін табысы екінші қадамның аяғында, яғни 2021 жылға дейін 25 млрд долларға, үшінші қадамның соңында 37 млрд долларға жететін болады",-деді.

Рухани, сондай-ақ, Иранның мұнай-химия өнеркәсібінің жетістіктері көрмесін аралап: "Бұл көрмеде ұсынылған статистикалық мәліметтер аталмыш салада үшінші серпілісті бастауға әрекет жасалғанын, Иранның мұнай-химия өнеркәсібінің 2021 жылдан кейін 100 млн тоннадан 130 млн тоннаға жететінін көрсетеді",-деді.

Рухани Иран халқына қысым мен санкциялар кезеңінің бір күні аяқталатынын айтып: "Жамандық тілеушілер мен дұшпандар барынша қысым жасау арқылы Иран халқын тізе бүктіре алмайтынын түсінді",-деді.