Ислам революциясының жетекшісі: Ақиқатты қорғау және Алла жолында талпыныс жасау рухын сақтаңыздар
Ислам революциясының жетекшісі: "Ақиқатты қорғау, Алла жолында талпыныс жасау және Хақ жолында өміріңді сарп етіп, жан беру рухы – құнды қазына. Осындай рухты сақтау керек",-деп қуаттады.
Ислам революциясының жетекшісі баспасөз қызметінің хабарлауынша, хазірет аятолла Хаменеи Исфахан қаласындағы Хомейни жауынгерлері штабының 15 мың сарбазымен кездесуінде жалғанға қарсы тұрып, Хақ жолында табандылық таныту рухының маңыздылығын қуаттап: "Егер мұндай рух бір елде болмаса, ол қоғам жоғалып кетеді. Яғни өз абырой-айбыны, тәуелсіздігі мен күш-жігерінен айырылады немесе шет елдер оның ішкі ісіне араласатын болады",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі жауынгерлерді қарсыласу рухын сақтап, Аллаға шүкірлік етіп, осы мақтанышқа толы жолды жалғастыруға шақырып, әртүрлі факторлардың әсерінен Хақты қорғау және Алла жолында талпыныс жасау рухынан айырылуға рұқсат бермеуге кеңес берді.
Аятолла Хаменеи, сондай-ақ, жауынгерлерге құрмет көрсетуді жақсы бастама деп атап: "Жауынгерлер мен ардагерлердің жанпидалығы шәһидтердің жанпидалығымен бірдей. Әрине шәһидтер Алланың ерекше ылтипатына бөленген, бірақ жауынгерлік негізі де құрметтелуі тиіс құндылық болып табылады",-деді.