Генерал-майор Мусави: Иран армиясы дұшпанның кез келген қателігіне кесімді жауап береді
https://itolqyn.com/news/iran-i44921-Генерал_майор_Мусави_Иран_армиясы_дұшпанның_кез_келген_қателігіне_кесімді_жауап_береді
Иран армиясының бас қолбасшысы: "ИИР армиясының күштері құрлық, әуе мен теңізде қырағы қызмет атқаруда. Егер дұшпаннан қандай да бір қателік кетсе, кесімді түрде жауап береді",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 02, 2020 19:32 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Мусави: Иран армиясы дұшпанның кез келген қателігіне кесімді жауап береді

Иран армиясының бас қолбасшысы: "ИИР армиясының күштері құрлық, әуе мен теңізде қырағы қызмет атқаруда. Егер дұшпаннан қандай да бір қателік кетсе, кесімді түрде жауап береді",-деді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран армиясының  бас қолбасшысы генерал-майор сейіт Абдуррахим Мусави бейсенбі күні Шираз қаласында Иран арамиясы Құрлық күштерінің жылдам әрекет ету бөлімшелерінің тактикалық жаттығуын тамашалау барысында: "Осы жаттығуда қолданылған барлық қару-жарақтар мен құрал-жабдықтар Иран армиясының ішкі әлеуетке сүйенетінін көрсетеді",-деді.

Генерал-майор Мусави: "Армия Иран халқын дұшпандардың қоқан-лоққыларынан бар күш-қуатымен қорғайды",-деді.