Рухани: АҚШ ауыр құн төлейді
https://itolqyn.com/news/iran-i44960
Иран президенті: "Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солейманиді қастандықпен өлтірудің барлық салдарларының жауапкершілігі АҚШ-тың мойнында. Вашингтон ауыр құн төлейді",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 05, 2020 16:26 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ ауыр құн төлейді

Иран президенті: "Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солейманиді қастандықпен өлтірудің барлық салдарларының жауапкершілігі АҚШ-тың мойнында. Вашингтон ауыр құн төлейді",-деді.

Хасан Рухани сенбі күні Теһранда Катар Сыртқы істер министрі Мохаммад бен Абдуррахман Але Санимен кездесуде Иранның ешқашан аймақта ешқандай текетіресті бастамағанын айтып: "АҚШ-тың лаңкестік әрекеті Ирак халқына құрметсіздік және осы елдің ұлттық егемендігін бұзу болып табылады",-деді.

ИИР Президенті АҚШ-тың аймақта бүлдіргі рөлге иелігін айтып: "Бүгінде аймақ елдерінің барлығы АҚШ осы аймақта қалса, олардың тыныштық көрмейтінін білуі тиіс",-деді.

Катар Сыртқы істер министрі де кездесуде Теһранның Доханы қолдауына алғыс айтып: "Катар қиын-қыстау кездері Иран берген көмек пен қолдауды ешқашан ұмытпайды",-деді.