Иранның 52 объектісіне шабуылдау қоқан-лоққысы – АҚШ-тың лаңкестік әрекеттерін ақтауы
https://itolqyn.com/news/iran-i44966-Иранның_52_объектісіне_шабуылдау_қоқан_лоққысы_АҚШ_тың_лаңкестік_әрекеттерін_ақтауы
ИИР армиясының бас қолбасшысы Абдуррахим Мусави: "АҚШ Президентінің Иранның 52 объектісіне шабуылдау туралы қоқан-лоққысы лаңкестік әрекеттерін ақтау үшін айтылды",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 05, 2020 19:06 Asia/Almaty
  • Иранның 52 объектісіне шабуылдау қоқан-лоққысы – АҚШ-тың лаңкестік әрекеттерін ақтауы

ИИР армиясының бас қолбасшысы Абдуррахим Мусави: "АҚШ Президентінің Иранның 52 объектісіне шабуылдау туралы қоқан-лоққысы лаңкестік әрекеттерін ақтау үшін айтылды",-деді.


Генерал-майор сейіт Абдуррахим Мусави жексенбі күні Теһранда Иран армиясы әуе күштерінің бұрынғы қолбасшысы Мансур Саттаридің шәһид болғанына 25 жыл толу рәсімі аясында тілшілерге берген сұхбатында АҚШ Президентінің Иран халқына қоқан-лоққы жасауы туралы: "Олар сардар Солейманиді қастандықпен өлтіргенненн кейінгі келбетін сақтау үшін осындай сөздер айтып жатыр.

АҚШ-тың сардар Солейманиді шәһид етуі – әлемнің барлық жерінде қабылданбайтын, ақталмайтын сұрқия әрекет. Сол себепті олар осы адамгершілікке жат әрекетті жасыру үшін қисынсыз сөздер айтады",-деді.