Хания: Қарсыласу қозғалысының күресі Палестина азат етілгенге дейін жалғасады
(last modified Mon, 06 Jan 2020 09:13:22 GMT )
Қаң 06, 2020 15:13 Asia/Almaty
  • Хания: Қарсыласу қозғалысының күресі Палестина азат етілгенге дейін жалғасады

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) саяси кеңсесінің басшысы қарсыласу қозғалысы жолының Палестина азат етілгенге дейін жалғасатынын қуаттады.

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хания дүйсенбі күні Теһран университетінде генерал Ғасем Солеймани, Абулмаһди әл‑Моһандес және қарсыласу қозғалысының басқа шәһидтерімен қоштасу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Қарсыласу қозғалысы Палестина жерінен басқыншыларды шығару үшін сионистік режимнің қастандықтары мен АҚШ Президентінің жобаларына қарсы тұруды жалғастырады»,‑деді.  

Хания генерал Ғасем Солейманидің бар ғұмырын Палестинаны қолдауға арнағанын айтып: «Ол Құдстың шәһиді»,‑деді.

ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы АҚШ пен сионистік режимнің генерал Ғасем Солейманидің шәһид болуына соқтырған қылмысын айыптап: «Ливан мен Газада жеңістерге жеткен қарсыласу қозғалысы сионистерге қарсы келешектегі шешуші күресте де жеңіске жететіні анық»,‑деді.