Жетекші: Жиһад пен қарсылық рухын келешек ұрпақ үшін нақты жолға айналатындай қалыптастыру керек
Ислам революциясы жетекшісінің 2020 жылдың 13 қаңтарында Иранның оңтүстігіндегі Бушеһр облысының 2000 шәһиді конгресі штабы мүшелерімен кездесуінде сөйлеген сөзі бүгін жарияланды.
Аятолла Хаменеи кездесуде Бушеһр облысын әскери құрметке толы сезімтал аймақ деп атап: «Бушеһр ұзақ жылдар бойы аймақтағы отаршылардың бақылауында болып, Иран дұшпандарының қоқан-лоққыларымен бетпе-бет келді. Бірақ діни ғұламаларының нұсқаулары және Раисәли Делавари сынды шәһидтердің жанкештілігімен шабуылдарға қарсы тұрды»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі Бушеһрден Делавари, Махдави, Ашури мен Ганджи сияқты танымал шәһидтердің шығуын аймақтың революция мен Исламдағы жиһадты терең түсініп, бұл шындықты әртүрлі буындарға қайталауының белгісі деп атап: «Шәһидтер мен әйгілі тұлғалар келешек ұрпақтарға танымал болып, есте мәңгі қалатындай жұмыс жасаңдар. Алпауыт үкіметтерді қызықтыратын энергетикалық, кен ресурстары мен әртүрлі мүмкіндіктерге, сондай-ақ маңызды географиялық жағдайға ие, климаттың түрлілігі мен 80 млн халқы бар Иран сынды мемлекет ғиззаты тапталмас үшін өз ісі мен жиһадын өзі басқару қабілетіне ие болуы керек. Ислам революциясының берекесімен Иран халқы бүгін табанды тұр. Бірақ жиһад пен қарсылық рухын келешек ұрпақ үшін нақты жолға айналатындай қалыптастыру керек»,- деп қуаттады.