Зариф: Аймақтағы шиеленістер АҚШ-тың надандығының салдары
(last modified Wed, 15 Jan 2020 14:37:13 GMT )
Қаң 15, 2020 20:37 Asia/Almaty
  • Зариф: Аймақтағы шиеленістер АҚШ-тың надандығының салдары

Иран Сыртқы істер министрі Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысы сардар Ғасем Солейманиге қарсы лаңкестік шабуыл мен Батыс Азия аймағындағы шиеленістердің артуы АҚШ-тың надандығы мен үстемдігінің салдары екенін қуаттады.

Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Делидегі жыл сайынғы RAISINA  отырысында: «Америкалықтардың Ирактың территориялық тұтастығын бұзып, бұл елде баршаның құрметіне ие болған қолбасшыға қарсы лаңкестік шабуыл жасауы надандығы мен үстемдігінің белгісі. Сардар Солейманиге қарсы лаңкестік шабуылға Трамп пен ДАИШ-тен басқа ешкім қуанған жоқ. Әлемнің әртүрлі аймақтары, соның ішінде Үндістанның 43 аймағында Солейманиді құрметтеп, аза рәсімдері өтті»,- деді. Зариф Еуроодақтың ірі экономикаға ие болғанымен, АҚШ-тан қорқатынына тоқталып: «Шетелдік компаниялар Ираннан шығып кетті, яғни еуропалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзды»,- деді.