Рухани: Иран халқы АҚШ-тың қастандықтары мен санкцияларына төтеп береді
(last modified Thu, 16 Jan 2020 13:36:28 GMT )
Қаң 16, 2020 19:36 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран халқы АҚШ-тың қастандықтары мен санкцияларына төтеп береді

ИИР Президенті америкалықтардың Иранға қарсы қате бағдарлама ұстанып отырғанын айтып: "Иран халқы АҚШ-тың қастандықтары мен санкцияларына төтеп береді",-деді.

Хасан Рухани бейсенбі күні Иранның Орталық банкі басқарма кеңесінің 59-шы отырысында Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты "Құдс" арнайы жасағының қолбасшысы генерал Касем Солейманидің шәһид болғанына байланысты көңіл айтып: "Бұл әскери қолбасшының америкалық лаңкестердің қолынан шәһид болуы бүкіл Батыс Азия аймағына әсер етті. Кашмирден Африкаға дейінгі барлық мұсылмандар осы жоғары дәрежелі қолбасшыдан айырылғандарына қайғырып, аза тұтты",-деді.

ИИР Президенті АҚШ әскери базасын зымырандық шабуылдардың нысанасына алатын елдердің кемде-кем екенін айтып: "Иран сардар Солеймани шәһид болғаннан кейін АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына зымырандық шабуыл жасап, Трампты Иранға қарсы қоқан-лоққыдан бас тартуға мәжбүрледі",-деді.