Иран халқы Ислам республикасы жүйесін қолдап, шеруге шықты
Иранның әртүрлі қалаларының, әсіресе астанасы Теһранның миллиондаған халқы жұма намаздан кейін шеруге шығып, АҚШ үкіметінің қылмыстары мен Британияның Иранның ішкі істеріне араласуын айыптап, Ислам республикасы жүйесі мен Ислам революциясы Сақшылар корпусын қолдайтындарын жариялады.
Иран халқы шеруден кейін мәлімдеме шығарып, АҚШ пен Британияның Ислам республикасы жүйесі және Иран халқымен дұшпандылығының негізгі себебін олардың Ирандағы билеп-төстеушілігі мен араласуларының аяқталуы деп тапты. Иран халқы бұл мәлімдемесінде: «Иранның тәуелсіздігі мен құдыреті билеп-төстеуді қабылдамауымен бірге саяси, ақпарат, экономика мен әскери салаларда әлемдік үстемдікпен шайқасқа шығып, дұшпанға ауыр соққы енгізетін деңгейге жетіп, АҚШ, Британия мен сионистік режим және олардың одақтастарынының жобаларын сәтсіздікке ұшыратты»,- деп қуаттады.