Зариф: Дұшпан Иран халқы алдында өзін әлсіз сезінеді
(last modified Mon, 20 Jan 2020 13:55:45 GMT )
Қаң 20, 2020 19:55 Asia/Almaty
  • Зариф: Дұшпан Иран халқы алдында өзін әлсіз сезінеді

ИИР Сыртқы істер министрі сардар Ғасем Солейманимен қоштасу рәсіміне миллиондаған ирандықтың қатысқанына тоқталып: "Дұшпан Иран халқы алдында өзін әлсіз сезінеді",-деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдерімен кездесуінде АҚШ-тың Иранға қатысты стратегиялық қателіктеріне сүйеніп: "Әлемнің түкпір-түкпірінде Үндістан, Ливан, Алжир мен басқа елдердің 430 қаласында шерулер өтіп, АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты "Құдс" арнайы күштерінің қолбасшысы шәһид сардар Ғасем Солейманиге қарсы лаңкестік әрекетін айыптады",-деді.

Зариф, сондай-ақ, Иранның қорғаныс қуаты мен зымырандық күштерін нығайту қажеттігін қуаттап: "Иран халқының бірлігі Ислам республикасының абырой-айбынын арттырды",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, АҚШ режимінің Ислам республикасын жоюды көздейтінін айтып: "ИИР АҚШ-ты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сан рет оқшаулады, бірақ АҚШ режимі ешқашан өз қателіктерінен, соның ішінде Вьетнам, Ирак, Сирия мен Ауғанстандағы соғыстарынан сабақ алмайды",-деді.