Иран Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің Парсы шығанағы атауын бұрмалауын сынады
Қаң 22, 2020 16:59 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің Парсы шығанағы атауын бұрмалауын сынады.
Сейед Аббас Мусави сейсенбі күні Twitter-дегі парақшасында: «Тіпті Парсы шығанағының тарихи атауын білмейтін Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі өз әскери күштерін бұл аймаққа қандай білімі және қандай себеппен аттандырмақ. Бір-бірін құрметтеу мен шыңдықты қабылдау өркениетті халықтардың қарым-қатынастарының негізі»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы дүйсенбі күнгі баспасөз отырысында Оңтүстік Корея әскерилерінің Парсы шығанағында орналасуы жөнінде: «АҚШ-тың авантюраларына сай ьұл әрекетті Иран қабылдамайды»,- деді.
Тегтер