Зариф еуропалық үш мемлекеттің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына байланысты ұстанымын сынады
Иран Сыртқы істер министрі Зариф еуропалық үш мемлекеттің, атап айтқанда Британия, Германия және Францияның АҚШ-тың саясаттарының ықпалына түскен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына байланысты ұстанымын сынады.
Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ Президенті Дональд Трамптың Давостағы Экономикалық форумда айтқан сөзіне реакция білдіріп, Twitter-дегі парақшасында: "Еуропалық «үштік» өткен аптада Трамптың қысымдарының алдын алу үшін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының қалған бөлігін бұзған кезде оның тек Трамптың ашкөздігін арттыратыны туралы ескерту жасалған болатын. Еуропалықтар ахлақтық және заң тұрғыларын бұзып, абыройдан айырылғаннан қысым жөнінде басқа қоқан-лоққылар баяндалды. Еуроодақ үшін өзінің ерік-жігерін көрсеткені жақсы болар еді",- деп жазды. Зариф сондай-ақ Washington Post газетінің тақырыбы туралы: "Трамп Давоста Еуропаны жаңа қысымдарымен қорқытып, АҚШ пен оның ежелден келе жатқан одақтастарының қайшылықтарын арттырды",- деді.