Рухани: Иран халқының бірлігі – АҚШ қастандықтары сәтсіздігінің факторы
ИИР Президенті АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, Ислам революциясы Сақшылар корпусының "Құдс" арнайы күштерінің қолбасшысы генерал Ғасем Солейманиді өлтіру арқылы Иранды оқшаулауды көздегенін айтып: "Иран халқының бірлігі мен біртұтастығы АҚШ қастандықтарының сәтсіздікке ұшырап, жеңіліс табуына себеп болды",-деді.
Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні елдің облыс әкімдері мен қолбасшыларының форумында Иранның аймақтағы экономикалық дамуына тоқталып: "Дұшпандар Иран халқының құдіреті мен экономикалық гүлденуін көріп, халықтың бірлігі, біртұтастығы, тыныштығы мен экономикасын бұзуды көздеп отыр",-деді.
Рухани, сондай-ақ, 21 ақпанда Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіне сайлаудың он бірінші кезеңі өтетініне тоқталып: "Иран халқының әртүрлі сахналарға қатысуы ислам республикасының абырой-айбынының сақталуына себеп болып отыр",-деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіне сайлаудың он бірінші кезеңі 208 сайлау учаскесінде 290 депутатты сайлау үшін, Эксперттер кеңесіне сайлаудың бесінші кезеңінің бірінші аралық сайлауы 5 облыс – Теһран, Фарс, Солтүстік Хорасан, Хорасан-е Разави мен Құм облыстарында 2020 жылдың 21 ақпанында өтеді.