Рухани: Иран тізе бүгіп, бас ию саясатын қабылдамайды
Иран Президенті басқыншыларға төтеп бергеннен басқа жолдың жоқтығын айтып: "Иран текетірес пен қақтығыс саясатын қаламайды, алайда тізе бүгіп, бас ию саясатын да қабылдамайды",-деді.
Хасан Рухани жексенбі күні Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) кесенесінде дұшпандардың Иран халқына қарсы бұрын-соңды болмаған санкцияларына тоқталып: "Иран халқы ислам жүйесінің дұрыс жолда екеніне, дұшпандар тарапынан зұлымдық пен басқыншылыққа ұшырап отырғанына сенеді",-деді.
Рухани: "Дұшпандар тек Иран халқына ғана емес, әлемнің барша мұсылмандарына, әсіресе Палестинаның қорғансыз халқына зұлымдық жасап жатыр",-деді.
Иран Президенті, сондай-ақ, "Ғасыр мәмілесінің" АҚШ үшін тарихтағы ең сорақы жоба екенін айтып: "Әлемнің барлық мұсылмандары мен азаттықты сүюшілері бұл жобаға қарсы",-деді.