Рухани: АҚШ-тың Иран халқына санкция салуы – лаңкестік әрекет
https://itolqyn.com/news/iran-i45415
ИИР Президенті АҚШ санкцияларының заңсыз, БҰҰ қарарына, халықаралық заңдар мен ережелерге қайшы екенін айтып: "АҚШ-тың Иран халқына санкция салуы – лаңкестік әрекет",-деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 06, 2020 20:42 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ-тың Иран халқына санкция салуы – лаңкестік әрекет

ИИР Президенті АҚШ санкцияларының заңсыз, БҰҰ қарарына, халықаралық заңдар мен ережелерге қайшы екенін айтып: "АҚШ-тың Иран халқына санкция салуы – лаңкестік әрекет",-деп қуаттады.

Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке 37-ші "Жыл кітабы" жүлдесі мен 27-ші "ИИР-ның жыл кітабы" атты жаһандық жүлдеге ие болғандарды марапаттау рәсімінде АҚШ-тың Иранға дәрі-дәрмек тұрғысынан санкция салғанына тоқталып: "Бұл шындықтар кітап пен баспа беттері қалыбында әлем халықтарына баяндалуы керек",-деп еске алды.

Рухани америкалықтардың дәріге санкция салмадық деп өтірік уәж айтатынына тоқталып: "Вашингтонның банктерге Иранмен жұмыс істеуге тыйым салуы лаңкестік әрекет жасаумен бірдей",-деді.

Иран Президенті АҚШ-тың Иранға қарсы қастандықтарының сәтсіз болғанына тоқталып: "Барлық қысымдарға қарамастан Иранның өткен 10 айдағы сауда көлемі 72 млрд доллар болды",-деді.