Зариф: Шәһид Солеймани Ислам республикасының аймақтағы ұстанымының көрінісі
Иран Сыртқы істер министрі Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысы шәһид Ғасем Солейманиге қарсы лаңкестік әрекеттін қарсыласу ағымының ерік-жігерін арттыратынын қуаттады.
Мұхаммад Джавад Зариф Ливанның Al Ahad арнасына берген сұхбатында шәһид сардар Ғасем Солейманиді Ислам республикасының аймақтағы ұстанымының көрінісі деп атап: «Сардар Солейманиден айырылу аймақ және әлем бейбітшілігі жақтастары үшін ауыр зардап болды. Сардар Солейманидің шәһид болуынан кейінгі аймақтағы, әсіресе Ирак пен Сириядағы өзгерістер АҚШ-тың аймақтағы қирату саясаттын әшкереледі»,- деді. Зариф «Ғасыр мәмілесі» жөнінде: «АҚШ Президенті Трамп пен сионистік режимнің премьер-министрі Нетаньяху «Ғасыр мәмілесі» жобасын баяндап, сайлауда жеңіске жетіп, билік басында қалуды көздеуде»,- деп қосты.