Иран армиясының әуе күштеріне күрделі жөндеуден өткен 8 әскери ұшақ тапсырылды
https://itolqyn.com/news/iran-i45611
Иран Қорғаныс министрі және ел армиясының әуе күштері қолбасшысының қатысуымен осы күштерге күрделі жөндеуден өткен 8 әскери ұшақ тапсырылды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 20, 2020 21:04 Asia/Almaty
  • Иран армиясының әуе күштеріне күрделі жөндеуден өткен 8 әскери ұшақ тапсырылды

Иран Қорғаныс министрі және ел армиясының әуе күштері қолбасшысының қатысуымен осы күштерге күрделі жөндеуден өткен 8 әскери ұшақ тапсырылды.

Генерал-майор Амир Хатами осы рәсімде әскери ұшақтарды жөндеудің күрделі жұмыс екенін және мұның бірнеше құдіретті елдің монополиясында болғанын айтып: "Бұл ұшақтар F46, F14, Су-24 және "Мираж" әскери ұшақтары мен C130, 707 және 27 жолаушы тасымалдаушы ұшақтарының қосындысынан құралған. Оларды әуе шайқастары, әртүрлі әскери, тактикалық және тасымал амалдарында пайдалануға болады",-деді.

Генерал-майор Амир Хатами бұл ұшақтың барлық бөлшектерінің заманауи ғылымға негізделіп жобаланғанын айтып: "Күрделі жөндеуден өткен әскери ұшақтарға ерекше қарулар, соның ішінде 1000 км қашықтыққа ұшатын қанатты зымырандарды орнатуға болады. Олар әртүрлі әскери миссияларда шешуші рөл ойнайды",-деді.