Ислам революциясы жетекшісі дауыс берді
(last modified Fri, 21 Feb 2020 06:37:25 GMT )
Ақп 21, 2020 12:37 Asia/Almaty

Ислам революциясы жетекшісі Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-ші шақырылымы мен діни жетекшінің Хобреган мәжілісінің бесінші кезеңі сайлауы басталсымен дауыс берді.

 

Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін, жұма күні таңертең имам Хомейни атындағы хосейниеде сайлаудың елдің ұлттық мүдделерінің кепілі  және сайлау күні  ұлттық мереке екенін қуаттады. Ислам революциясы жетекшісі сайлаудың діни міндет екеніне назар аудартып: «Сайлау күні халықтың азаматтық құқыларын орындайтын күн. Халық дауыс беріп, өз құқығын пайдаланып, елді басқаруға қатысады»,- деді.

Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-ші шақырылымы мен діни жетекшінің Хобреган мәжілісінің бесінші кезеңі сайлауы бүгін таңертең сағат 8:00 басталды. Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-ші шақырылымы сайлауы 208 учаскіде өтіп, 290 депутатты сайлайды. Сайлау 10 сағатқа созылады және қажет болса, уақыты созылады.