Діни ғұламалар дауыс берді
(last modified Fri, 21 Feb 2020 08:18:23 GMT )
Ақп 21, 2020 14:18 Asia/Almaty
  • Діни ғұламалар дауыс берді

Иранның әйгілі діни ғұламалары Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-ші шақырылымы мен діни жетекшінің Хобреган мәжілісінің бесінші кезеңі сайлауының алғашқы сағатынан дауыс берді.

Шиіттердің мәрджелерінің бірі аятолла Насер Макарем Ширази Құм қаласында діни жетекшінің Хобреган мәжілісі мен  Ислам Кеңесі Мәжілісі  сайлауына дауыс берген соң: «Халықтың сайлауға жаппай қатысуы дұшпанды үмітсіздендіреді»,- деді. Шиіттердің келесі мәрджесі аятолла Хосейн Нури Хамедани де Құм қаласында дауыс  беуінен кейін: «Исламдық Иран күш-қуатқа ие және халықтың сайлауға қатысуы бұл құдыреттің артуына себеп болады»,- деп қосты. Аятолла Джафар собхани, Абдолла Джавади Омули, Сейед Мұхамадәли Алави Горгани, Лотфолла Сафи Гольпайгани де сайлауға қатысуды жүйені қорғау үшін уәжіп атады.