Иранның үштік билігі басшылары дауыс берді
Иранның Президенті, Жоғары соты мен Мәжіліс төрағасы Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-ші шақырылымы мен діни жетекшінің Хобреган мәжілісінің бесінші кезеңі сайлауына қатысып, дауыс берді.
ИИР Президнті Хасан Рухани бүгін, жұма күн Теһранда дауыс берген соң: «Иран халқы бүгін жаңа ерлігімен дұшпанды үмітсіздендіреді. Мәжілістің алғашқы сайлауынан 40 жыл өтіп, соғыс пен басқа қиындықтарға қарамастан сайлаулар уақытылы өтуде»,- деді.
Иранның Жоғары соты Сейед Ибрахим Раиси де: «Сайлау дұшпанның қастандықтары мен бүліктерін залаласыздандырады»,- деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Құм қаласында Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-ші шақырылымы мен діни жетекшінің Хобреган мәжілісінің бесінші кезеңі сайлауына дауыс беріп: «Америкалық басшылар мен олардың қарамағындағы ақпарат құралдарИранға соққы беруге талпынуда. Бірақ халық сайлаудын алғашқы сағаттарынан бір ауыздан дауыс беруді бастап, дұшпандарға мықты жауап қайтарды»,- деп қосты.