Сайлау – Ислам революциясы жеңісінің 41 жылдығының ұлттық мерекесі
(last modified Fri, 21 Feb 2020 16:06:12 GMT )
Ақп 21, 2020 22:06 Asia/Almaty
  • 
Сайлау – Ислам революциясы жеңісінің 41 жылдығының ұлттық мерекесі

Бүгін 2020 жылдың 21 ақпанында Ислам Кеңесі Мәжілісі 11-ші шақырылымы сайлауы Теһран мен елдің түпкір-түпкірінде өтті.

Cайлау – Ислам революциясының жеңісінен кейін Иранда орта есеппен жылына бір рет өтетін діни халық демократияның көрінісі. Сайлау Иран халқының тікелей немесе тікелей емес елінің келешегі мен өз тағдыры жөнінде шешім қабылдауының белгісі. Иран халқының сайлауға қатысу маңызы ұлттық, аймақтық және халықаралық жолдауларына байланысты. Ұлттық жолдауы Иран халқының ұлттық күндерге белсенді қатысуы мен ұлттық мүдделерін қорғауы болып табылады. Бұл салада Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи сайлау күнің  ұлттық мереке деп атап: «Сайлау күні халықтың азаматтық құқыларын орындайтын күн.  Халық дауыс беріп, өз құқығын пайдаланып, елді басқаруға қатысады. Сондай-ақ дауыс беру – діни міндет»,- деді. Ислам революциясы жетекшісі сондай-ақ сайлауды ұлттық мүдделердің кепілі деп біліп: «Сондықтан ұлттық мүдделері туралы ойлайтын адам сайлауға қатысады»,- деп қосты. Өткен бір жылда америкалықтар Иран халқын сайлауға қатысудан бас тартатындай көптеген талпыныс жасады. Иран халқының Ислам Кеңесі Мәжілісі 11-ші шақырылымы сайлауының аймақтық және халықаралық жолдауы Иран халқының тіпті дұшпанның «мейілінше қысым» саясатына қарамастан Ислам революциясына табанды болуы саналады.  Иран халқының өткен сайлауларға және осы кезде Ислам Кеңесі Мәжілісі 11-ші шақырылымы сайлауына қатысуы Иран халқының жауапкершілікті қабылдауын көрсетті. Өткен 41 жылдағы Иран халқының Ислам революциясының әртүрлі саяси және ұлттық сахналарына қатысуы ИИР құдыретінің артуына әкелді. Иранның құдыреті мен қауіпсіздігінің ең маңызды факторы халықтық болуы. Иранның түпкір-түпкіріндегі Ислам Кеңесі Мәжілісі 11-ші шақырылымы сайлауы өтетін учаскелердің алдындағы ұзын саптары тағы америкалық басшылардың есептерін бұзып, әлемдіктерге Иран халқының кейбір қиындықтарға қарамастан ұлттық мүдделерін қорғаудан артқа шегінбейтінін көрсетті. Иран халқының өткен 41 жылдағы уәделеріне табанды болуы ИИР-дағы үкіметтік органдардың халықтық екендерін және бүгін Иран халқы 38-ші рет ұлттық мерекені және ұлттыө мүдделерін қорғауды қайталады.