Сардар Дехқан: Санкциялар Иранның әскери-қорғаныс күш-қуатына әсерін тигізбеді
Иранның Қарулы күштері Бас қолбасшысының қорғаныс өнеркәсіп және қарулы күштерді қолдау саласындағы кеңесшісі АҚШ санкцияларның Иранның әскери-қорғаныс күш-қуатына әсерін тигізбегенін қуаттады.
Бригада генералы Хосейн Дехқан британиялық The Financial Times газетіне берген сұхбатында: «Иранның әскери-қорғаныс саласының ешбір бөлімінің бюджеті азаймады. Бүгінгі таңда әскери тұрғыдан Иранның жағдайы үш жыл бұрынғы, Дональд Трамп АҚШ биілігін келген кездегі жағдайға қарағанда жақсырақ. Егер Трамп қайта сайланатын болса, алдағы бес жылда Иранның әскери-қорғаныс оданс айын күшейеді»,- деді. Дехқан ИИР-ның қорғаныс-әскери және халықаралық мәселелер жөніндегі стратегиясы жөнінде: «Иран зымырандық бағдарламасынан және қарсыласу ағымы топтарын қолдаудан бас тартпайды, ал АҚШ-пен келіссөздер жүргізбейді»,- деп қосты.