Әлемдегі ең мықты мүгедек спортшы қайтыс болды
Нау 02, 2020 15:09 Asia/Almaty
Паралимпиада ойындарында ауыр атлетикадан ең мықты спортшы атанған ирандық Сиаманд Рахман қайтыс болды.
Иранның солтүстік-батысындағы Батыс Әзірбайжан облысының Ашнавие ауданының Спорт және жастар бөлімінің басшысы Рахим Тимури: «Әлемдегі ең мықты мүгедек спортшы Сиаманд Рахман жексенбі күні үйінде жүрегі тоқтап, қайтыс болды»,-деп хабарлады.
Сиаманд Рахман 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен паралимпиадада 310 кг зілтемір көтеріп, өз атын әлем тарихына тіркеді.
Сиаманд Рахман Лондон-2012 және Рио-2016 паралимпиадалық ойындарда екі алтын, әлемдік чемпионаттарда 5 алтын және 1 күміс, Гуанжоу-2010, Инчеун-2014 және Джакарта-2018 Пара Азия ойындарында 3 алтын алған.
Тегтер