Зариф Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының коронавируспен күресу көмектеріне алғыс айтты
(last modified Tue, 03 Mar 2020 08:02:23 GMT )
Нау 03, 2020 14:02 Asia/Almaty

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні кешке Twitter-дегі жолдауында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мен дос мемлекеттерге АҚШ-тың экономикалық лаңкестігіне қарамастан Иранға коронавируспен күресуге көмектескендері үшін алғыс айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, ДДСҰ-ның көмектесрі тиелген ұшақ дүйсенбі күні имам Хомейни атындағы әуежайға қонды. Британия, Германия мен Франция мемлекеттері де дүйсенбіде мәлімдеме шығарып, Иранда коронавируспен күресуге медициналық қаржы көмектер жіберулері жөнінде хабарлады.

Ұлыбританиядағы Иранның елшісі Хамид Баидинежад дүйсенбі күні: «Британия, Германия мен Франция мемлекеттерінің коронавируспен күресуге қажет көмектер дүйсенбі кешке Теһранға жетеді»,- деп хабарлады.

ДДСҰ-ның мәліметінше, Иранда коронавирустан өлгендердің саны 66 адамға және осы кезге дейін  коронавирусқа шалдыққандардың саны 1501 адамға жетті.