Ирандық фильм – АҚШ фестивалінің үздік тәуелсіз фильм сыйын иеленді
Ирандық «Жүргізушілер сыныбы» фильмі АҚШ-тағы Big Muddy 42-ші халықаралық тәуелсіз кинофестивальде үздік фильм сыйын жеңіп алды.
ИРНА ақпарат агенттігінің сенбі күнгі мәліметінше, АҚШ-тың Big Muddy халықаралық тәуелсіз кинофестивалі – студенттермен ұйымдастырылған ең көне кинофестивальдердің бірі. «Жүргізушілр сыныбы» бұған дейін Армениядағы «Алтын өрік» халықаралық кинофестиваліндегі ең үздік қысқа метражды фильмі, Ирландияның Дублин әйелдері фильмдері 6-шы қысқа метражды фильмдер сыйы, Британиядағы "I will tell" 13-ші фестивалінің, АҚШ-тағы Topaz әйелдер фильмдері 18-ші кезеңі қазылар алқасы сыйы, Италиядағы «Бүгінгі мазхаб» 22-ші қысқа метражды фильмдер фестивалінің үздік фильмі, Оңтүстік Кореяның Сейул әйелдері фильмдері 13-ші кезең қазылар алқасының арнайы сыйы мен АҚШ-тағы қысқа метражды 20-шы фестивальдің үздік фильм сыйына иеленді.