Иранның қарулы күштері елдің түпкір-түпкірінде 20 жылжымалы аурухана салуға дайын
https://itolqyn.com/news/iran-i45942-Иранның_қарулы_күштері_елдің_түпкір_түпкірінде_20_жылжымалы_аурухана_салуға_дайын
Иран қарулы күштерінің коронавируспен күресу штабының баспасөз хатшысы елдің түпкір-түпкірінде 20 жылжымалы аурухана салуға дайын екенін жариялады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 17, 2020 18:09 Asia/Almaty
  • Иранның қарулы күштері елдің түпкір-түпкірінде 20 жылжымалы  аурухана салуға дайын

Иран қарулы күштерінің коронавируспен күресу штабының баспасөз хатшысы елдің түпкір-түпкірінде 20 жылжымалы аурухана салуға дайын екенін жариялады.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі мәліметінше, Иран қарулы күштерінің коронавируспен күресу бас штабының денсаулық сақтау орынбасары әрі баспасөз хатшысы сардар Хосейн Арақизаде: «Осы кезде Иран қарулы күштері ауруханалары орындарының 70 пайызы коронавирусқа шалдыққан науқастарды қабылдайтын болды. Сондай-ақ Иран армиясы мен Сақшылар корпусының қарамағындағы екі жылжымалы аурухана Құм мен Рашт қалаларында салынды. Коронавирустың таралуының алдын алу үшін қазіргі заманғы армия бөлімшелері, Сақшылар корпусы және Иран полициясы белсенді жұмыс істейді. Ислам республикасының қарулы күштері карантин жасау немесе Иран қалаларына көлік қозғалысына тыйым салу үшін дербес шаралар қабылдамайды»,- деді.