Зариф: Коронавирусқа қарсы тұру үшін елдер бір-бірімен ынтымақтастық етулері керек
https://itolqyn.com/news/iran-i45978-Зариф_Коронавирусқа_қарсы_тұру_үшін_елдер_бір_бірімен_ынтымақтастық_етулері_керек
Иран Сыртқы істер министрі Наурызды тойлайтын барлық халықтарды құттықтап, коронавирусқа қарсы тұру үшін елдердің бір-бірімен ынтымақтастық ету қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 20, 2020 16:18 Asia/Almaty
  • Зариф: Коронавирусқа қарсы тұру үшін елдер бір-бірімен ынтымақтастық етулері керек

Иран Сыртқы істер министрі Наурызды тойлайтын барлық халықтарды құттықтап, коронавирусқа қарсы тұру үшін елдердің бір-бірімен ынтымақтастық ету қажеттігін қуаттады.

 

Мұхаммад Джавад Зариф Наурыз мейрамы және хиджри-шамси күнтізбесінің 1399 жылының басталуымен құттықтап, бұл мейрамды тойлайтын үкіметтер мен халықтарға ИИР-ның коронавирусқа шалдыққан адамдары санының ең көп елдердің бірі екенін еске салып: «Өкінішке орай ирандықтардың бетпе-бет келіп отырған қауіпінің үлкен бөлімі АҚШ үкіметінің оларға қарсы енгізіп отырған санкцияларының салдары»,- деді. Зариф  коронавирусқа қарсы тұру үшін елдердің бір-бірімен ынтымақтастық ету қажеттігіне тоқталып: «Шара қолданбай біржақты күш көрсетуді  қолдайтын мемлекеттер біржақты билеп-төстеудін салдарларына жауапты екендерін білулері қажет»,- деп қосты.