Ислам революциясы жетекшісі: 1399 жыл – қиындықтардан өтетін және жарқын келешекке үміттендіретін жыл
Аятолла Хаменеи бүгін, жұма күні хиджри-шамсидің 1399 жылының басталуына орай жасаған жолдауында биылғы жылдың бірінші күнінің хазірет Мұса Каземнің (ғ.с.) шәһид болған күнімен тұспа-тұс келуіне тоқталып, хазіретке сәлем мен салауат айтып, сондай-ақ халықты, әсіресе шәһидтер мен соғыс ардагерлерінің отбасыларын, денсаулық және басқа салаларда қызмет етушілерді алдағы Мабас күні және Наурыз мерекесімен құттықтап, Жаңа жылды «өндіріс серпілісі» жылы деп атады.
Ирандықтардың Жаңа жылы мен Наурызы әрқайсы исламдық Иран мен оның революцияшыл халқының айбынын көрсететін маңызды оқиғалар орын алып жатқан жағдайда басталды. Ислам революциясы жетекшісі айтқандай «Иранда 1398 жыл Шираздағы су тасқынымен басталып, коронавируспен аяқталды. Жыл бойы жерсілкініс пен санкциялардың куәсі болдық, бірақ бұл оқиғалардың ең қиыны АҚШ-тың лаңкестік қылмысы және бұл террорда Иран мен Исламның танымал сардары Ғасем Солейманидің қаза табуы болды». Ислам революциясы жетекшісі 1398 жылы қасиетті кесенелер мен шекараларды қорғап, сондай-ақ олардың қолбасшысы болған сардар Ғасем Солеймани мен Абумәһди әл-Моһандес пен олармен бірге және Керман оқиғасы мен, ұшақ апаты, денсаулықты сақтау саласында қызмет етіп шәһид болғандардың отбасыларына көңіл айтып, 98 жылды Иран халқы үшін қиындықтарға толы жыл болды деп тапты. Бұл оқиғалар Иран халқының құлдырау мен шарықтаулардан өтіп, қиын күндер мен сынақтарды сабыр сақтап өткенін білдіреді. Алайда бұл оқиғалардың арасында маңыздысы қиындықтарға бағынбауы болды. Бұл қиындықтардан өтетін жалғыз жол – елді күшейту. Бұл маңызды мәселені қуаттап, Ислам революциясы жетекшісі 1398 жылдың экономикалық масқаттарының жалғасында 1399 жылды «өндіріс серпілісі» жылы деп атады. Иран халқы 1399 жылды күшті ерік-жігерімен бастап, әртүрлі салаларда үлкен жетістіктерге жетіп, өзінің тарихында ұмытылмайтын құбылыстарын жалғастыруға талпынады. Аятолла Хаменеи бұл құбылыстарды болашақ тарихқа терең әсер ететін құбылыстар деп бағалады. Осыған орай Ислам революциясы жетекшісі: «Халық бұрынғы жылдарда бұл оқиғалармен батыл бетпе-бет келгендей, осыдан кейін де мықты рухы және үмітімен оларға қарсы тұрады. Қиындықтар өтіп, Иран халқы үшін жеңілдік туындайтынын біліңдер, өйткені «Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар». Бұл өзгеріске сенімді болу – еш уақытта амалсыз қалмаған және қиындықтар мен қысымдарға және зорлық-зомбылық жасаушыларға қарсы табанды тұрған Иран халқының серпіні мен өміршеңдігінің белгісі. Бұл факторлар Ислам республикасының ғиззатының бір бөлімі.