Рухани: АҚШ халқы бұл елдің тарихын бұдан артық қаралауға рұқсат етпеуі керек
(last modified Sat, 21 Mar 2020 08:24:15 GMT )
Нау 21, 2020 14:24 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ халқы бұл елдің тарихын бұдан артық қаралауға рұқсат етпеуі керек

ИИР Президенті АҚШ халқына жолдаған сөзінде Ирандағы дағдарыс жағдайда қаржы қатынасқа шектеу салатын және дәрігерлік жүйені осалдатқысы келетін әр дұшпандық саясаттың басқа елдердегі ортақ мәселемен күресуге тікелей әсер ететініне ескерту жасады.

Хасан Рухани жұма күні кешке АҚШ үкіметінің санкцияларының көптеген қарапайым ирандықтардың денсаулығы, жұмысы мен табысынан айырылуына себеп болуына тоқталып: «Иран халқы бұл жолы да вирус, АҚШ үкіметінің санкциялары мен залым саясаттары және мейілінше қысым көрсету стратегиясына қарсы тұрады»,- деді. Рухани Иран халқының бұл қиын күндерден өтетінін қуаттап: «АҚШ халқы Иран халқына қарсы олардың атынан жасалып жатқан бұл залым қысымдардың олардың дауысы және салықтарымен жасалуын қабылдайды ма?»- деді. Иран Президенті қазіргі кезді АҚШ халқының даусын көтеріп, өз елі үкіметінен жауап беруін талап ететін уақыт деп тауып: «АҚШ тарихын бұдан артық қаралауға рұқсат етпеңдер»,- деп қосты.