Зариф: Ақ үй мейілінше қысымды адамгершілікке қарсы деңгейге жеткізді
(last modified Sat, 21 Mar 2020 09:10:33 GMT )
Нау 21, 2020 15:10 Asia/Almaty
  • Зариф: Ақ үй мейілінше қысымды адамгершілікке қарсы деңгейге жеткізді

Иран Сыртқы істер министрі Ақ үйдің өзінің мейілінше қысым көрсету саясатын адамгершілік пен адам өміріне қарсы деңгейге жеткізгенін қуаттады.

Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Twitter-дегі парақшасында АҚШ үкіметінің ирандық азаматтардың   Жаңа жылдың басталуы мен Наурыз күнінде өлуін мақтан тұтуына тоқталып, Ақ үй басшыларына Вашингтонның саясатының жаман атты қылатынын, бірақ Иранның бағынбайтынын ескертті.  Зариф бұдан бұрын Наурыз жолдауында коронавирустың әлем халықтары үшін АҚШ-тың залым санкцияларын әшкерелегенін қуаттап: «Ирандықтардың денсаулығын нысанаға алу басынан АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық терроризмының басты мәселесі болды»,- деді.  Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың санкцияларды күшейтіп, Иранды қоқан-лоққы мен қиындықтарға толы аралға айналдырғысы келетініне тоқталып: «Иран қайтадан көтеріліп, санкциялар түрмесінің құлыпын бұзады»,- деп қосты.