Зариф: АҚШ-тың медициналық терроризмы әлемге таралған ауруға әсерлі қарсы тұруға кедергі болуда
(last modified Sat, 21 Mar 2020 12:44:13 GMT )
Нау 21, 2020 18:44 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ-тың медициналық терроризмы әлемге таралған ауруға әсерлі қарсы тұруға кедергі болуда

Иран Сыртқы істер министрі Бразилияның Folha de S.Paulo газетіне берген сұхбатында Иран халқының коронавирусқа қарсы күресіне тоқталып: «АҚШ-тың медициналық терроризмы әлемге таралған ауруға әсерлі қарсы тұруға кедергі болуда»,- деді.

 

Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні басылып шыққан бұл сұхбатында АҚШ-тың  заңсыз санкцияларының Иранның дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтарға қолжетімділігін қиындатуына назар аудартып, Еуропаның медициналық жабдықтар шығаратын компанияларының АҚШ-тың қоқан-лоққыларына байланысты Иранмен сауда жасамайтындарын мәлімдеді. Зариф бұл әрекеттердің адамзатқа қарсы қылмыс екенін қуаттап: «АҚШ-тың экономикалық лаңкестігі тоқтатылып, басқалар да тек соққы көрмес үшін АҚШ-тың зорлық-зомбылығын қабылдамауы керек»,- деп қосты.