Францияда ирандық азамат азамат босатылды
(last modified Sun, 22 Mar 2020 08:04:07 GMT )
Нау 22, 2020 14:04 Asia/Almaty
  • Францияда ирандық азамат азамат босатылды

ИИР Жоғары сот баспасөз хатшысы АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын бұзды деген сылтаумен Францияда қамауға алынған ирандық инженер Джалал Рухалланежадтың босатылғанын хабарлады.

 

Ғұламхосейн Исмаили Джалал Рухалланежадтың азат етілуіне тоқталып: «АҚШ-тың қастығымен Францияда тұтқындалып, негізсіз айыптаулармен  өзін қорғау құқыдан айырылып, бұл елдің абақтыларының біріне қамалған Иранның жазықсыз азаматы халықаралық қудалау мен Иранның сот билігінің шараларынан кейін босатылды»,- деді. Исмаили ирандық азаматтың тыңшылық ету қылмысы үшін айыпталған франциялық тұтқымен айырбасталғанын қуаттап: «Ислам республикасының қауіпсіздік күші, діни негіздері мен ерік-жігерін көрсеткен бұл әрекеттін адам құқығы туралы уәжденетін америкалықтар үшін сабақ болар»,- деп үміттенді.