АҚШ басшылары коронавирусты өндірді деп айыпталуда
(last modified Mon, 23 Mar 2020 13:27:03 GMT )
Нау 23, 2020 19:27 Asia/Almaty
  • АҚШ басшылары коронавирусты өндірді деп айыпталуда

Ислам революциясының жетекшісі халықаралық апатқа айналған аурудың тақырыбына тоқталып, коронавирусты шығарды деп айыпталып отырған америкалықтардың Иранға көмек көрсетуге дейын екендері туралы уәждеріне сенім артуға болмайтынын қуаттап: «Америкалықтарға ақылы бар ешбір адам бұл елдің көмегін қабылдамайды», - деді.

Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи жексенбі күні хиджри-шамси күнтізбесінің Жаңа жылының басталуы және Мабас мерекесіне орай теледидардан тікелей сөйлеген сөзінде америкалық басшылардың Иран сұраған жағдайда, дәрі-дәрмек  жіберуге дайын екені туралы уәждеріне тоқталып: «Біріншіден, америкалықтардың  өздері аурудың алдын алуға қажет дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтардың тапшылығымен бетпе-бет келуде.  Екіншіден, Америкалықтарға коронавирусты шығарды деген айып тағылып отырған жағдайда, ақылы бар ешбір адам бұл елдің көмегін қабылдамайды»,- деп қосты. Ислам революциясы жетекшісі америкалық басшыларды өтірікші және террорист деп атап: «Америкалықтарға сенуге болмайды, олар Иранда вирусты одан сайын тарататын дәрі жіберуі мүмкін»,- деді. Коронавирус Қытайда, содан соң Иранда таралған соң бұл вирусты өндіріп, таратуға АҚШ-тың қатысты болғаны туралы хабарлар жарияланды. Содан соң Қытай басшылары АҚШ-ты бұл қатерлі вирусты өндіріп таратты ждеп айыптады. Бұған дейін АҚШ-тағы ауруларды бақылау және профилактика орталығының директоры Роберт Редфилд: «АҚШ денсаулық сақтау қызметкерлері COVID-19 вирусын осы елде анықтаған, сондықтан бұл вирус Қытайда пайда болған жоқ»,- деп мәлімдеді. Бұл ұстанымнан кейін Қытай Сыртқы істер министрлігі: «Ухань қаласына коронавирусты АҚШ әскері әкелген болар»,- деді.  Қытай бұл мәселені көтерген соң Иранның азаматтық қорғаныс ұйымы соңғы отырысында коронавирустың таралуының әдейлеп жасалған ықтималы талқыға салды. Не дегенімен америкалық басшылардың коронавирустың таралуынан кейінгі ұстанымдары мен уәждері бір-бірне қайшы келеді.  Өйткені олар бір жағынан Иран халқына көмектесу туралы уәжденсе, басқа жақтан мейілінше қысым көрсету арқылы бұл халықтың өмірі мен денсаулық құқыларын бұзып отыр. АҚШ үкіметінің мейілінше қысымдары коронавирустың таралуымен тұспа-тұс келіп, әр 10 минутта бір ирандық азамат өлімге ұшырауда. Мұндай жағдайда америкалық  басшылардың әрекеттері адамзатқа қарсы қылмыс деп саналады және Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, олар террорист және тасжүрек. Иранның денсаулық сақтау протоколдары, олардың ішінде COVID-19 вирусына қарсы күреске қоғамды жұмылдыру ұлттық бағдарламасы Дүниежүзілік денсаулық ұйымымен расталды. Денсалық сақтау бағдарламалардың ұсынымдарының халықпен толық орындау арқылы коронавирус мәселесі шешіледі. Ислам революциясы жетекшісі Иранның дәрігерлік күш-қуатын ел құдыретінің құралы деп атады. Бұл тақырып Иранның әскери-қорғаныс емес, медицина, ғылым мен экономика салаарындағы күш-қуатын көрсетеді.