Коронавирус дағдарысы: АҚШ COVID-19 вирусына қарсы күреске кедергі жасаушы
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иранға қарсы заңсыз санкцияларының күшін жою саласындағы әлемдік талпынысқа алғыс айтып: «АҚШ - COVID-19 вирусына қарсы әлемдік күрестің кедергісі»,- деп қуаттады.
Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-дегі парақшасында: «Жалғыз шешім АҚШ-тың әрекеттеріне қарсы табандылық білдіру»,- деп жазды. Корона - шекарасыз және ғаламдық вирус және онымен күресуге қолданылған кез-келген жалпыұлттық іс-қимылдың жаһандық әсері бар. АҚШ-тың қатаң санкцияларына байланысты Иранның COVID-19 вирусына қарсы күресі қиындықтарға тап болады, нәтижесінде бұ санкциялар вирусқа қарсы жаһандық күрестің сапасына әсер етуде. Дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтарға қатысты біржақты санкциялармен АҚШ Ирандағы коронавирусқа қарсы күреске кедергі келтіруде. АҚШ үкіметінің бұл әрекеті Ирандағы бірқатар жазықсыз адамның өліміне себеп болуда. COVID-19 вирусының шамамен 190 елде таралуынан кейін онымен күресуге жаһандық ынтымақтастықтың қажеттілігін көрсетті.
Ресейдің Венадағы халықаралық ұйымдардағы өкілі Михаил Ульянов дүйсенбіде АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының жалғасуын сынап, Twitter-де: «COVID-19 вирусының Италияда таралуына қарамастан, неге Ресей, Қытай мен Куба ғана бұл елге көмектеседі? Еуропалық Одақ пен АҚШ қайда? Қазіргі әлемде проблема бар»,- деп жазды., Қазіргі уақытта әлемдік корона вирусына қарсы күрестің алдыңғы қатарында тұрған Иранға қатысты кейбір еуропалық елдердің әрекеті олардың АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттерін растайтынын белгісі болып табылады. Иран коронавируспен күресу саласында Қытай сияқты достас елдерден медициналық көмек алумен қатар, өзінің медициналық мүмкіндіктерін қолдана отырып, коронавирусты басқара алды. Ирандағы коронавирусқа қарсы ұлттық штабының күнделікті мәліметтері ұлттық жоспарларды мұқият орындаумен бірге мемлекеттік және әскери сектор мен халықтың жұмылдырылуын айқын көрсетеді.