Иранда жұма намазы тағы өткен жоқ
(last modified Fri, 03 Apr 2020 10:38:35 GMT )
Сәу 03, 2020 16:38 Asia/Almaty
  • Иранда жұма намазы тағы өткен жоқ

Иран жұма намазы имамдарының саяси кеңесі ел облыстарының барлық орталықтарында жұма намазы тағы өткізілмегенін хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран жұма намазы имамдарының саяси кеңесі коронавирус толық ауыздықталғанға дейін халықты жиындарға қатысудан бас тартуға шақырып: «Облыс орталықтарында осы аптадағы жұма намазы өткен апталардағыдай өткізілмейді. Жұма намазы Иранның коронавируспен күрес ұлттық штабының қаулысы негізінде уақытша тоқтатылды»,-деп мәлімдеді.