Иранда жұма намазы тағы өткен жоқ
Сәу 03, 2020 16:38 Asia/Almaty
Иран жұма намазы имамдарының саяси кеңесі ел облыстарының барлық орталықтарында жұма намазы тағы өткізілмегенін хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран жұма намазы имамдарының саяси кеңесі коронавирус толық ауыздықталғанға дейін халықты жиындарға қатысудан бас тартуға шақырып: «Облыс орталықтарында осы аптадағы жұма намазы өткен апталардағыдай өткізілмейді. Жұма намазы Иранның коронавируспен күрес ұлттық штабының қаулысы негізінде уақытша тоқтатылды»,-деп мәлімдеді.
Тегтер