Иранда коронавирус жұқтырған шамамен 42 мың адам емделді
Сәу 11, 2020 19:14 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігі Иранда коронавирусқа шалдыққан 41947 адам емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс және ақпарат орталығының жетекшісі Киануш Жаханпур сенбі күні тілшілерге берген сұхбатта елдегі коронавирус жұқтырғандар туралы соңғы статистиканы мәлімдеп: «Өткен тәулікте коронавирусқа шалдыққан 1837 адамның анықталуымен олардың жалпы саны 70029 адамға жетті, сондай-ақ 125 адамның қаза болуымен, Иранда өлген адамдар саны 4357-ге жетті»,- деді.