Газа секторында қаза тапқандар саны 26 мың адамға жетті
(last modified Fri, 26 Jan 2024 09:58:32 GMT )
Қаң 26, 2024 15:58 Asia/Almaty
  • Газа секторында қаза тапқандар саны 26 мың адамға жетті

Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні кешке: "Газада соғыс басталғалы бері қаза тапқандар саны 25 900 адамға, ал жараланғандар аны 64110 адамға жетті",-деп мәлімдеді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимнің Газа секторының тұрғын аудандарына шабуылынан тағы бір тілші қаза тапты. Осылайша шәһид болған тілшілер саны 113 адамға жетті.

Сионистік режимнің Газа секторындағы әл-Насират лагерінде орналасқан  әл-Хасания тұрғын ауданына шабуылынан "әл-Ақса дауысы" радиосының тілшісі әрі дикторы Айяд Ахмад әл-Раввақ жанұясымен бірге қаза тапты.

SAMAA ақпарат агенттігі бейсенбі күні кешке бір палестиналық баланың аштықтан көз жұмғанын хабарлады.

БҰҰ-ның палестиналық босқындарға жәрдем беру агенттінінің басшысы Филипп Лаззарини бұдан бұрын: "UNRWA лагерлерінен шыға берісте адамдар көп жиналғандықтан халыққа көмек жеткізу қиындап кетті. БҰҰ 2023 жылғы желтоқсан айының басынан бастап Газа секторының солтүстігіне жете алмай отыр",-деді.

БҰҰ-ның гуманитарлық істер кеңсесінің хабарлауынша, Газа секторы тұрғындарының 90 пайызға жуығы босқынға айналған. 

Тегтер