550 ирандық дәрігер АҚШ-тың біржақты санкцияларын сынап, БҰҰ Бас хатшысына хат жолдады
(last modified Tue, 14 Apr 2020 10:48:58 GMT )
Сәу 14, 2020 16:48 Asia/Almaty
  • 550 ирандық дәрігер АҚШ-тың біржақты санкцияларын сынап, БҰҰ Бас хатшысына хат жолдады

ИИР Денсаулық сақтау жүйесіне мүше 550-ден астам дәрігер мен мамандар БҰҰ Бас хатшысына жолдаған хатта АҚШ-тың Иран халқына қарсы санкциялық саясатын жалғастыруына наразылық білдірді.

ИИР Денсаулық сақтау жүйесіне мүше дәрігерлер мен мамандар БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришке жолдаған хатында: «Иранда коронавирустың таралуы санкциялардың жоғары деңгейімен бетпе-бет келді. Сондықтан саяси мақсаттар үшін халықтың денсаулығын қатерге тіреу заңсыз әрі жабайылық. Коронавирус пандемиясы мен оның алаңдатарлық салдарларына байланысты әлемдік қоғам миллиондаған ирандыққа зардап келтіретін санкцияларға қарсы тұруы керек»,- деп жазды.