АҚШ-тың ДДСҰ-ға қаржылай көмегін тоқтатуға шешім қабылдауы – адамзатқа қарсы қылмыс
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Мусави коронавирус дағдарысы жағдайында АҚШ Президентінің ДДСҰ-ға қаржылай көмегін уақытша тоқтатуға шешім қабылдауына алаңдаушылық білдіріп, оны АҚШ-тың жауапсыздығының дәлелі әрі адамзатқа қарсы қылмыс деп атады.
Сейіт Аббас Мусави сәрсенбі күні бұл шешімді АҚШ үкіметінің халықаралық ұйымдар мен көпжақтылықты әлсіретуге бағытталған келесі қадамы деп атап, оны айыптады.
Мусави коронавирус жаппай таралған жағдайда әлем халықтарының денсаулығы мен қауіпсіздігіне тікелей қатер төніп тұрғанын айтып: «АҚШ ең ауыр жағдайда, жаһанды шарпыған алапат аурумен күрес барысында әлемдік денсаулық сақтау шараларын үйлестіретін жалғыз ұйымды жазалады.
Америкалық саясаткерлер бұл шарамен халықаралық қауымдастық алдындағы өз міндеттемелерін бұзып отырғанын түсінуі керек. Көмекті тоқтатып, біржақты қысым жасау арқылы әлемнің гуманитарлық талпыныстарына балта шауып, ақлаққа жат заңсыз шаралардан пайда көруге болмайды»,-деді.