АҚШ үкіметі алдымен теріске шығарып, кейін кінәсін өзгеге жапты
(last modified Thu, 16 Apr 2020 10:21:55 GMT )
Сәу 16, 2020 16:21 Asia/Almaty
  • АҚШ үкіметі алдымен теріске шығарып, кейін кінәсін өзгеге жапты

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс және ақпарат орталығының басшысы АҚШ үкіметінің алдымен теріске шығарып, кейін өз кінәсін өзгеге жапқанын айтып: «Соңғы апталарда АҚШ халқына ауыр қысым жасалды. Тіпті Иран АҚШ-тың тиімсіз медициналық жүйесіне байланысты сол ел азаматтарының жағдайына алаңдаушылық білдіріп отыр»,-деді.

Киануш Жаһанпур сәрсенбі күні Iran Press ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иранның соңғы 40 жылда денсаулық саласына айтарлықтай инвестиция салғанын айтып: «Иранда дәрі-дәрмектің 97 пайызы ел ішінде өндіріледі. Кейбір сирек ауруға шалдыққандардың дәрісі тегін»,-деді.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі Помпеоға: «Америкалықтар үшін 100 жылдық арман болған ең жоғары медициналық жаппай сақтандыру Иранда орындалды. Иран халқының басым бөлігі сақтандырылған немесе медициналық полис сияқты тегін сақтандыруды пайдаланады»,-деді.