Зариф: Әлем АҚШ режимінің зорлығына ұшырап отыр
Сәу 16, 2020 18:26 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың ДДСҰ-ға қаржылай көмегін тоқтатқанына реакциясында: «Әлем АҚШ режимінің зорлығына ұшырап отыр»,-деді.
Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында: «Иранның осы уақыт бойы көріп, тәжірибеден өткізгенін әлем енді үйреніп жатыр. АҚШ режимінің зорлықшылдығы, қоқан-лоққысы, әсіре сөйлеуі мен мақтаншақтығы тек тәуелділік қана емес, халықтың өліміне де себеп болып отыр»,-деп жазды.
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың ДДСҰ-ға көмегін тоқтатқаны туралы: «Пандемия кезінде Иранға қарсы барынша қысым жасау сияқты ДДСҰ-ға қаржылай көмек беруді тоқтату АҚШ-ты жаманатқа қалдырады»,-деді.
Тегтер