АҚШ қоғамдық пікірді экономикалық терроризмнен алдарқатуды көздеп отыр
(last modified Sun, 19 Apr 2020 11:00:55 GMT )
Сәу 19, 2020 17:00 Asia/Almaty
  • АҚШ қоғамдық пікірді экономикалық терроризмнен алдарқатуды көздеп отыр

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Тахтраванчи АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранға қару-жарақтық шектеу қою туралы уәждеріне тоқталып: «Бұл сөздер – қоғамдық пікірді Иран халқына қарсы экономикалық терроризмнен алдарқатуға бағытталған талпыныс»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауынша, Маджид Тахтраванчи Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ-тың жұрт назарын Иран халқына қарсы жасалып жатқан экономикалық терроризмнен алдарқатуға талпынып жатқанын айтып: «Бұл жолы АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен №2231 қарарды бұзып, Иранға қару-жарақтық шектеу қоюды жалғастыруды талап етіп отыр. АҚШ басқаларды халықаралық заңдарды бұзуға итермелей алмайды»,-деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында Иранға қарсы уәждерін қайталап: «Иран Батыс Азияда жаңа қару-жарақ бәсекесін бастамай тұрғанда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі оған қарсы қару-жарақ санкциясын ұзартуы керек»,-деп жазды.