Коронавирусты анықтайтын аппаратты сатып алу үшін қажет SWIFT санкция сылтауымен берілмеді
(last modified Sun, 19 Apr 2020 13:07:28 GMT )
Сәу 19, 2020 19:07 Asia/Almaty
  • Коронавирусты анықтайтын аппаратты сатып алу үшін қажет SWIFT санкция сылтауымен берілмеді

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі: «Оңтүстік Корея банкі коронавирусты анықтайтын аппаратты сатып алу үшін қажет SWIFT-ті Иранға санкцияны сылтауратып бермеді»,-деп мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Киануш Жаһанпур сенбі күні: «Оңтүстік Корея банкінің коронавирусты анықтайтын аппаратты сатып алу үшін қажет SWIFT-ті бермеуі америкалық басшылардың Иранға қарсы санкциялардың дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарды қамтымайды деген уәждерінің жалған екенін көрсетеді. Оңтүстік Корея банкі бұл мәміленің санкциялық заңдарға байланысты орындалмайтынын ресми жазды»,-деді.  

Әлемде, соның ішінде Иранда коронавирус таралғаннан бері Түркия, Ресей, Пәкістан мен Қытай басшылары АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты әрі заңсыз санкцияларының жойылуын сұрады.