Мусави Помпеоның екіжүзді тілегіне реакция білдірді
(last modified Thu, 23 Apr 2020 10:34:20 GMT )
Сәу 23, 2020 16:34 Asia/Almaty
  • Мусави Помпеоның екіжүзді тілегіне реакция білдірді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Мусави АҚШ-тың Париж келісімінен шығып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына қаржылай көмегін тоқтатқан жағдайда осы ел Мемлекеттік хатшысының Жер күніне орай айтқан тілегін ұятсыз әрі екіжүзді деп атады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Аббас Мусави сәрсенбі күні кешке Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Жер күні туралы жазбасына реакциясында: «Дональд Трамптың Париж келісімінен шығуы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына қаржылай көмегін тоқтатуы біздің әдемі жеріміз бен COVID-19 вирусымен жаһандық күрес үшін қажет біртұтастыққа қауіп төндіріп отырған жағдайда Жер күнін мерекелеп отырмыз. Сондықтан Помпеоның біздің планетамызға тілегі әлемдік талпыныс алдында арсыз, екіжүзді әрі надандықпен айтылған сөздер»,-деп жазды.

Помпео сәрсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында Жер күнінің 50 жылдығына орай жазбасында қазіргі таңда COVID-19 атты ортақ дұшпанпен күрес жүріп жатқанына тоқталып, барша халық үшін бұрынғыдан таза, қауіпсіз және сау планета қалыптастыру көзделіп отырғанын айтты.