Зариф: Америкалық күштер ирандық теңізшілерді арандатып отыр
https://itolqyn.com/news/iran-i46467-Зариф_Америкалық_күштер_ирандық_теңізшілерді_арандатып_отыр
Иран Сыртқы істер министрі америкалық әскерилердің Парсы шығанағындағы құзырын айыптап: «Олар Иранның оңтүстік жағалауындағы теңізшілерді арандатып отыр»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 24, 2020 18:06 Asia/Almaty
  • Зариф: Америкалық күштер ирандық теңізшілерді арандатып отыр

Иран Сыртқы істер министрі америкалық әскерилердің Парсы шығанағындағы құзырын айыптап: «Олар Иранның оңтүстік жағалауындағы теңізшілерді арандатып отыр»,-деді.

Мұхаммад Джавад Зариф кеше Twitter-дегі жеке парақшасында америкалық басшылардың Парсы шығанағындағы АҚШ-тың әскери кемелеріне жақындаған жағдайда ирандық кемелерді нысанаға алатыны туралы жасаған қоқан-лоққыларына реакциясында: «АҚШ армиясында 5000-нан астам адам коронавирус жұқтырған. АҚШ Президенті Дональд Трамп аймақта ішкі іске заңсыз араласудың орнына науқастардың жағдайына қарайласуы керек.  

Америкалық әскерилердің өз үйлерінен 7 мың миль қашықтықта Парсы шығанағындағы Иранның өз жағалауында ирандық теңізшілерді арандатқаннан басқа ешқандай ісі жоқ»,-деді.